<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>F</key>
<hymn_number>98</hymn_number>
<lyrics>[V1]
.   Dm               A
 Адасып жүргенде азап шегіп,
.  A                   Dm
 Сен мені іздедің, Құтқарушым.
.    Dm             Gm
 // Алдамшы өмірге қызығумен
.   Gm                 Dm
 Өзіңнен адасып жүріппін мен. //

[V2]
 Керемет мынау бір табиғатың,
 Ай менен жұлдызды жарқыраттың,
 // Аспан мен жерді де Сен жараттың,
 Барлығы Өзіңе бағынатын. //

[V3]
 Мың алғыс айтамын Өзіңе мен,
 Көкірегімді ояттың Рухыңменен.
 // Көзімді аштың Сен, жұмулы еді,
 Жүрегім тас еді, жібіттің сен. //

[V4]
 Тәңірім, Өзіңе бас иемін,
 Құдіретті күшіңе мен сенемін.
 // О, неткен күнәкар жан едім мен,
 Айқышта азаппен Сені өлтірген. //

[V5]
 Сен мені сүйесің, иланам ғой,
 Жаныңды мен үшін қинадың ғой.
 // Өзіңе келгенді кешіріп Сен,
 Мәңгілік өмірді сыйладың ғой. //

[V6]
 Бар бақыт Өзіңсің өмірдегі,
 Күнәмді жуасың көңілдегі.
 // Тек қана Өзіңе бас иемін,
 Тәңірім, кешірші, кешір мені. //</lyrics>
<title>Адасып жүргенде азап шегіп РӘЖ98</title>
</song>